Жарнама
Жаңалықтар

«Журналистиканы не үшін таңдадым?»

Әр адам тұлға болып қалыптасуы үшін болашақ мамандығының әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан бұл зор іске жауапкершілікпен қарап, мамандық таңдауда қателеспеген дұрыс. Көп мамандықтың қатарында өзіне ғана емес, өзін қоршаған ортаға пайдасын тигізетін ерек мамандықтың бірі де бірегейі – журналистік қызмет.            

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  Гуманитарлық өнер және ғылым факультеті, журналистика мамандығында білім алатын IV курс студенттерінен журналистика мамандығы туралы аз-кем сауал қойған едік. Білім мен білікті қажет ететін мамандықты меңгеріп жүрген олар тәжірибелі тілшілерден тәлім алып та жүр.   

            1. Журналистика мамандығын не үшін таңдадыңыз?

            2. Қай ұжымның жұмысы ұнады? Соны еске түсірсек…

            3. Болашақта өзіңізді журналистикамен байланыстырасыз ба?

whatsapp image 2024 03 19 at 15.54.08

Айша Хасенқызы, IV курс студенті:

Журналистика саласын таңдағандағы себебім халыққа пайдалы болып, қоғамдағы орын алып жатқан жайттарға үн қосқым келеді. Журналист – жаспен де, қартпен де тіл табысуды қажет ететін маман. Сонымен қатар, әрдайым ізденісте жүріп, халықтың мұң-мұқтажын БАҚ арқылы жеткізетін, шығармашыл мамандық. Журналистика мамандығы – өзінше қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін көптеген жаңа таныстар табатын ерекше сала. 

Маған «Атырау» газетінде өндірістік практикадан өткен ұнады. Себебі, газетте практикада жүріп сауатты жазып және газеттің қалай шығатынын, ақпаратты қалай жазу керектігін үйретеді. Баспада жұмыс істеу біз ойлағандай оңай жұмыс емес, бір газеттің артында қаншама адамның еңбегі жатыр?! Ақпарат іздеп, оны газет бетіне түсіру, көз майын тамызып тексеру, оны қатесін қарау барлығы үлкен еңбекті талап етеді. 

 Болашақта өзімді баспасөз журналисі ретінде көргім келеді.

whatsapp image 2024 03 19 at 15.54.48

Салтанат Байтекенова,  IV курс студенті:

Мен журналистика мамандығына түсем деп ойламадым. Өйткені VIII сыныптан бастап заң бағытына қарай дайындалған едім. Оған менде екі себеп болды. Біріншіден, ата-анам заң бағытында еңбек етіп, зейнетке шыққандықтан сол кісілердің жолын қуғым келді.  Екіншіден өзім әскери қызметшілерге қатты қызығатын болдым, әсіресе олардың киімдеріне, сап түзеулеріне, т.б. Бірақ уақыт өте келе ойым өзгере бастады. Содан соң журналистикаға қызыға бастадым.             Оған айналамдағы жақындарым да, достарым да септігін тигізді. Олар маған қолдау білдіріп, менен жақсы журналист шығатынына сенім де білдірді. Осылайша қазіргі таңда журналистика мамандығында білім алып жатырмын.

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінде еңбек тәжірибесінен өтіп, қосымша жұмыс істедім. Сол кез маған ерекше ұнады.

 Болашақта Астана, Алматы қалаларында журналистика саласында жұмыс істегім келеді.

whatsapp image 2024 03 19 at 15.55.17

Еркеназ Жалмұқашева, IV курс студенті

Журналист мамандығын өзімнің жан қалауыммен таңдадым. Мамандық маған жан-жақты болуды, сауатты жазып, сөйлеуді үйретті.

Ең алғаш «Caspian news» телеарнасында өткен практикадан өттім. Жаңалықтың жазылу құрылымын үйреніп, өзімді шыңдай білдім. Сонымен қатар,  қазір өтіп жатқан «Қоғамдық келісім» мекемесі де ұнап жатыр. Әртүрлі іс-шараларға қатысып, баспасөз қызметінің жұмысын көріп жатырмын.

Болашақта журналистика саласында өзімді одан әрі дамытып, болашақ маман ретінде көремін.

whatsapp image 2024 03 19 at 15.55.34

Лаура Қисметова, IV курс студенті:

Бала кезімде Информбюро арнасында жаңалықтар қарағанда Аида Боранбайға қызығып қарайтынмын. Сол сияқты эфир жүргізуде армандайтынмын. Журналист болу орындалып жатқан арманым.

II курста «Caspian news» телеарнасында өткен практикам өте пайдалы болды. Практикада сайтпен жұмыс жасауды үйрендім.

⁠Әрине, өзімді әрі қарай осы салада дамытуды ойлаймын.

Дайындаған: Аида МҰРАТОВА

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,

журналистика бөлімінің IV курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button