Жарнама
Жаңалықтар

Журналистер арасында «Alaman» медиа байқауы өтеді

Ұлттық спорт қауымдастығы журналистер арасында байқау жариялады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов журналистермен өткізген кездесу кезінде айтты. 

Ұлттық спортты кеңінен насихаттау мақсатында өтетін шарада 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.

1. Үздік бағдарлама (телевизия, радио)

2. Үздік аналитикалық материал (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)

3. Үздік танымдық материал (интернет, БАҚ) 

4. Үздік сұхбат (YouTube арна)

5. Үздік фотосурет (БАҚ, әлеуметтік желі)

6. Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал (қазақтың ұлттық спорты туралы)

7. Әлеуметтік желідегі үздік материал (блогинг, мобилография)

Әр номинация бойынша үш үздік авторға ақшалай сыйлық беріледі:

1-орынға – 1 000 000 теңге;

2-орынға – 700 000 теңге;

3-орынға – 500 000 теңге.

Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың наурыз айында марапатталады.

Басқа да ақпараттарды ұйымдастыру комитеті немесе көрсетілген сайт арқылы білуге болады.

Айта кетейік, конкурсқа осы жылдың 1 қыркүйегі мен 2024 жылдың 1 наурыз аралығында жарияланған материалдар қатыса алады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button