Көлік құралын тіркеу тәртібін реттейтін кез келді
Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Еліміздің ешбір заңнамасына сәйкес келмейтін шетелдік көліктерді кіргізбеу жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы дер кезінде беріліп отыр. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл бастама отандық көлікке деген сұранысқа да оң әсер ететін сияқты.
Расымен де, қазір «сенімхат» болса, жеткілікті, кез келген жерден қалаған көлігіңізді айдап әкелесіз. Бірақ, оны мемлекеттік тіркеуден өткізіп жатқан ешкім жоқ. Бұдан былай техникалық құжаттарды оп-оңай рәсімдеп алуға жол жоқ.
Бұл бастаманы Президент өте орынды көтеріп отыр. «Елге кіргізіліп жатқан ондай көліктердің көбі есепке тіркелмейді. Олардың саны он мыңдаған саннан асып кетеді» деген ол Бас прокуратураға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Бір айдың ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен биылғы 1 ақпанға дейін әкелген көліктерді тіркету керек. Мен өзім де көлік жүргіземін. Банктен несие алып, шетелден көлік алдым. Енді тез арада тіркеп алуға тырысамын. Меніңше, осыдан кейін азаматтарымыз техникалық регламенттің талаптарын сақтап, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды уақытында төлейді деп ойлаймын. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалып жатады. Алдағы уақытта осы олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік туып отыр.
Бақытжан ӨМІРЗАҚ,
Құрманғазы ауылының тұрғыны.
Құрманғазы ауданы