«Еңбек жолы» байқауы жалғасып жатыр

whatsapp image 2022 06 13 at 18.50.39 Қоғам

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Еңбек жолы» конкурсы 2016 жылдан бастап жүзеге асып келе жатыр. Ол үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға бағытталған.
Конкурстың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, кәсіпорындардың барлық қызметкерлері саласына қарамастан қатыса алады.

  • – 2016 жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Мақат ауданының Аралбековтер әулеті, 2018 жылы «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Тұрсынбек Айбек, 2019 жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Индер ауданының Жұмағалиевтер әулеті жеңімпаз атанды.

Конкурс келесідей номинациялар бойынша өтеді. Яғни, ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет үшін «Үздік еңбек әулеті» номинациясы, кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер үшін «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы, жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері үшін «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бар, деді А.Мәмбетов.

Оның айтуынша, жеңімпаздарға 1-орын үшін миллион, 2-орын үшін 500 мың, 3-орын үшін 200 мың теңге сыйақы қарастырылған.

А.Мәмбетов барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақыратынын жеткізді. Сондай-ақ, толық мәлімет пен кеңес алу үшін Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А мекенжайындағы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе 8(7122)322774 телефонына хабарласуға болатынын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз