Жарнама
Жаңалықтар

Жұқа мұз: Атырауда қыс мезгілі басталғалы 100-ден астам рейд жүргізілді

Бұл туралы Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Магомед Ахриев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Атырауда су айдындарындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңде авариялық жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ Жайық бетінде балық аулайтын тұрғындар да ерекше бақылауда.

— Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция департаментімен бірлесе күніне екі рет жағалау сызығын аралау жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар қыс мезгілі басталғалы 118 рейд жүргізілді. Қала аумағында 129 тыйым салу белгісі орнатылды. Жалпы халық көп шоғырланатын жерлерде түсінік жұмыстары жүргізіліп, үндеу қағаздары таратылуда. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста өкінішке орай екі қайғылы жағдай орын алды. Осы жылдың басында кішкентай баланың «Сүйреу» каналына батып кетуі мен Жұмыскер мөлтек ауданының тұрғынының мұзға батып, қайтыс болғаны туралы қаралы оқиға болды. Облыста осындай оқиғаның тағы да орын алмасы үшін барлық тұрғынды сақтыққа, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз,- деді М.Ахриев.

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мұз қалыңдығы 25 см-ді құрамай мұз бетіне шықпауға шақырады. Ал мұздағы қауіпсіздікті толығырақ білу үшін 112 нөміріне немесе Атырау қаласының ТЖБ-ның әлеуметтік желілері арқылы ақпарат алуға болатынын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button