Жұмыссыз жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері хабарланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам жұмыссыз жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жолдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, жастар бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқу және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабардар етілген.
Айта кетсек, еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілген болатын. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.