Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жұмысшылар жалақысыз қалмайды

Atr.kz/17 наурыз, 2020 жыл. Президент тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметте болса, мәжбүр болған жағдайда баласы үшін ата-анасының бірі еңбек демалысына шыға алады.  

«Бұл жұмыс берушінің басшылығымен реттеледі. Жалпы, бүгін жұмысшылардың  еңбек режиміне әртүрлі тетіктер енгізілуде. Соның бірі – қашықтықтан жұмыс жасау. Мұндай жағдайда жұмыс беруші қызметкерді барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға және жалақысын толық төлеуге міндетті. Егер қызмет тәртібі толық емес жұмыс уақытына ауыстырылса, онда еңбекақысы атқарылған жұмыс уақытына сай төленеді» дейді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

– Ал, төтенше жағдайға байланысты өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған мекемелерге Еңбек Кодексіне сай жұмыс беруші тарапынан жұмысшыларға кемінде елімізде бекітілген ең төменгі жалақыдан кем емес көлемде еңбекақы төленуі тиіс. Бұл 42500 теңге соманы құрайды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/darhan-%d2%9bydyr%d3%99li-%d2%9boldan-%d2%9bymbatshyly%d2%9b-tudyryp-ba%d2%93any-shary%d2%9btatyp-zhiberetinderge-shara-%d2%9boldanu-%d2%9bazhet/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button