Жарнама
Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылына орай Atyrau PRO WEEK апталығы өтеді

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы осы жылдың сәуір айында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп, тек өңірдің ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан өрендердің еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Апталық аясында жұмысшы жастарға арналған екі күндік республикалық форум өтеді.

Бұл іс-шарада еліміздің әр өңірінен келетін 200 жастың басын қосылмақ. Мехатроника және робототехника саласындағы азаматтар үшін AtyrauRobo фестивалі ұйымдастырылады. Atyrau Youth Hackathon инновациялық жобалардың конкурсы өткізілмек. Жоспарда Atyrau Faces видеоконтенті арқылы еңбек мамандықтарды насихаттау да бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиеваның айтуынша, биыл жастар саясатын дамыту мақсатында 23 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Солардың бірі өңірдегі NEET санатына жататын жастардың санын азайтуға бағытталған. Анығын айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 200 жасты қысқа мерзімді оқыту курстарына қатыстырып, грант беріп, олардың жұмыс істеуіне ықпал ететін Isker Adamdar жобасы жүзеге аспақ.

Одан бөлек алғаш рет жұмыссыз жастарға арналған «Сенің бастамаң» атты жоба қолға алынады. Бұл бастама өзі тұрып жатқан елді мекендегі мәселелерді көтеріп, оны шешуге талпынып жүрген жастарға арналады. Жоба аясында 10 жасқа 300-500 мың теңге көлеміндегі грант берілмек. Биыл біз «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының санын 10-нан 18-ге арттырдық. Бұл гранттың көлемі – 1 миллион теңге, — деді А.Досқалиева.

Аудан жастары да әлеуметтік жобалардан тыс қалмайды. Өзі тұрып жатқан жерін дамытамын деген әр аудандағы 3 жасқа 1 миллион теңге грант беру жоспарлануда. Оған қоса аудан жастары үшін мәдени, зияткерлік, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әр ауданда қаржылық, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесулер өткізілмек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button