Жаңалықтар
Жұмыс істейтін адам кез келген қалада медициналық көмекті тегін ала алады
Atr.kz/10 қаңтар, 2020 жыл. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сәйкес, әр жұмыс беруші қызметкерін сақтандыруға міндетті.
«Бұл жерде адамның статусын анықтау да маңызды. Мәселен, он бес категория бойынша жарнаны мемлекет төлейді.
Жұмыс істейтін адам кез келген қалада медициналық көмекті тегін ала алады. Ал, адам жұмыссыз болып қалған жағдайда тіркеуден өтуі керек» деп нақтылады Атырау облысының бірінші орынбасары Серік Шапкенов баспасөз конференциясында.
Еске сала кетелік, республикада аталмыш жүйе бойынша 14-16 саll орталығы жұмыс істейді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА