Күні кеше тоғызға толған баланың денесі Перетаска каналынан табылды (+ВИДЕО)

img 20220123 wa0034 1 Жаңалықтар

Жоғалған баланың денесі Перетаска каналынан табылды.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

«23 қаңтар күні сағат 19.00-де ТЖД сүңгуірлері Перетаска каналының ортасына жақын жерде жоғалып кеткен баланың денесін тауып алды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, яғни, 23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы полиция департаментінен 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де Балықшы ықшамауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала көшеге шығып, үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз күштерімен іздеу нәтиже бермеген соң, жергілікті ТЖД қызметкерлері іздеуді бастаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз