
Жаңалықтар
«Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр, — деп хабарлайды kazinform.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Сурет: atr.kz