Атырауда жергілікті білім беру грантына құжат қабылдау басталады (+ИНФОГРАФИКА)

yilyim a aytaryimsyiz grant3 Білім

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында 15-20 тамыз аралығында жергілікті білім беру грантына құжаттар қабылданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Биыл атыраулық мектеп және колледж бітірушілер үшін облыс әкімінің атынан 116 грант бөлініп отыр. Оның басым көпшілігі педагогика, медицина салаларына бөлінген. Атап айтқанда, педагогика саласына – 49, медицинаға – 17 грант берілген. Ал, қалғаны ветеренария, агрономия, өнер және басқа да мамандықтарға тиесілі.

– Облыс әкімінің грантын алуға ҰБТ-дан шектеулі балл алған барлық санаттағы түлек құжаттарын тапсыра алады. Сонымен қатар, колледж бітіруші түлектер де қатысуға құқылы. Қатысушылардың балдары тең болған жағдайда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға, кәсіптік-техникалық білімі бар және бір жыл жұмыс жасағандарға, сондай-ақ, республикалық, халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлеріне басымдық беріледі, – деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнагүл Жұмағазиева.

117337176 1020009821767017 4284140472502990368 n
117354138 1020009831767016 8977804580296866956 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз