ЖОЛДЫ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Атырау облысындағы республикалық маңызға ие 1120 шақырым жолдың 719 шақырымында қысқы маусымда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіледі.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ инженері Нұрлан Жантуриннің айтуынша, биыл ауа-райы қолайлы болғандықтан жолдар аса қатты күтімді қажет етпеген. Дегенмен филиал мамандары қысқы маусым басталғалы жоспарға сай жолға шығып, тексеру жұмыстарын жүрізуде.
«Қазақавтожол» АҚ Атырау облыстық филиалы «Атырау-Орал» тас жолының 5-189 шақырымына, Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы/Астрахань бағыты» жолының 458-468, 598-504, және 833-853 шақыжелторымына, «Доссор-Құлсары- Ақтау» жолының 210 шақырымын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы қоспалар себеді. Ұлттық компанияның Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан Дүйсеновтың айтуынша, қысқы маусым басталған желтоқсан және қаңтардың алғашқы 10 күндігіндегі құбылмалы ауа райы кезінде жолдарға 600 тонна тұз бен 3300 тонна топырақ себілген. Бұл инертті қоспалар «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ зертханасында тексерістен өткізілген. Сапасы талапқа сай, дейді мамандар.