Жарнама
Құқық

Жолдағы жүгенсіздерге жауапкершілік бар

2025 жылғы 21-23 шілде аралығында еліміз бойынша жолаушылар тасымалы саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Тасымалдаушы» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шараның негізгі міндеті – жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының заңға сәйкестігін тексеру, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу. Атап айтқанда:

Техникалық талаптарға сай келмейтін, заңсыз қайта жабдықталған көліктерді анықтау;

Такси тасымалымен заңсыз айналысатын жүргізушілер мен көші-қон заңнамасын бұза отырып жолаушы тасымалдаған шетелдік азаматтарды анықтау;

Жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарды – жылдамдықты шектен тыс асыратын, мас күйде көлік жүргізетін, қарсы бағытқа шығатын және жолда өзге де қауіпті әрекеттерге жол беретін тұлғаларды бақылау мен жауапкершілікке тарту.

Осы орайда, Ішкі істер органдары барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік пен адам өміріне төнетін қатердің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екенін ұмытпаған жөн.

Өсер ЖӘҢГІРХАН, Атырау қаласы полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button