Жарнама
Құқық

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтуде

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор–Құлсары–Бейнеу тас жолында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының взвод қызметкерлері кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Нәтижесінде 3700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес алкогольдік ішімдік ішкен күйінде көлік басқарған 6 жүргізуші, жүргізуші куәлігі мүлде болмаған 46 азамат және көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 6 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысы ережесін бұзған 87 жүргізушінің ісі аудандық сотта қаралды. Шетелде тіркелген автокөліктерге қатысты да бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша 32 құқық бұзушылық анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпаған 400-ге жуық жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, түрлі түсті металл мен қара темір тиеген 18 автокөлік, рұқсатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдаған 15 автокөлік тоқтатылып, тексеру жүргізу үшін аудандық полиция бөлімдеріне жеткізілді.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Жолда жүру кезінде белгіленген жылдамдықты асырмауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – өз өміріңіз бен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі екенін естен шығармаңыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button