Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚоғамҚұқық

Жол бойындағы жөнсіздік: Атырауда шектеу шаралары қаншалықты сақталуда? (РЕПОРТАЖ)

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл.Бүгінде дерттің беті бері қарай бастады. Індетке шалдыққандардың саны да азая түсуде. Соған қарамастан біздің облыста шек­теу шаралары қатаң сақталып отыр. Соның бірі – облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі-жексенбі күндері Атырау қаласында жеке көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынуы. Өткен дема­лыс күні осы талаптың қаншалықты орын­далып жатқанын көріп қайттық.

Көпір алдындағы кептеліс

Қ о ғ а м д ы қ т ә р т і п п е н қауіпсіздікті сақтауға поли­ция департаментінің барлық қызметкері жұмылдырылуда. М і н е , б і з д і п о л и ц и я басқармасының патрульдік по­лиция батальонының взвод командирі, полиция аға лей­т е н а н т ы Ө с е р Жә ң г і р х а н қызметтік көлігімен күтіп алып, орталық көпірге қарай алып келеді. Байқағанымыз, де­малыс күндеріндегі қаланың бұрынғы қарбалас тірлігі бүгінде саябырсыған. Тек орталық көпірге қарай бет алған жеңіл көліктердің легі болмаса… Аялдама маңында да жолау­шылар көп көрінбейді. Бұдан бұрын карантиндік шектеу та­лабына сәйкес, қоғамдық көлік тоқтатылған болатын.

  • – Қазіргі кезеңде тәртіп сақшыларына зор жауапкершілік жүктелді. Елде бұрын-соңды болмаған шектеулер қойылды. Үйреншікті, қалыпты тірліктен тыйылудың қиын екені түсінікті. Адамдардың қарым-қатынасы, жол-көлік жүрістерінің шектелуі қолайсыздық туғызатыны да рас. Бірақ, мемлекеттің қойған талабы мен тәртібіне бағыну ке­рек. Мұның бәрі қауіпті індетті ауыздықтау үшін жасалып жатқан шаралар, — деді поли­ция басқармасының патрульдік полиция батальонының взвод командирі.

Алдымен, орталық көпірдің Еуропа бетіндегі мобильдік бе­кетке бет алдық. Бұл жердегі екі тәртіп сақшысы ұзақты күн ашық аспан астында тұр. Бетперде мен қолғап киген олар әрбір көлікті тоқтатып, құжаттарын тексеруде. Анықтамасы бар көлік жүргізушілеріне әрі қарай жүруге рұқсат берсе, себепсіз жүргендерін кері қайтарып жатыр. Ал, кейбіріне бетперде тағу керектігін ескертуде.

Сылтау себеп болмайды

Полиция қызметкерлері «Киа рио» көлігін тоқтатып, ішіндегі төрт жолаушының бетпердесіз отырғанын көрді. «Жұмысқа бара жатырмыз» дегендердің рұқсат қағазы болғанымен, олар каран­тин талаптарын өрескел бұзған еді. Себебі, көлік ішінде екі жо­лаушыдан артық адамға тый­ым салынған. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық ереже­лер сақталмаған. Осы себепті з а ң с ы зд ы қ ж а с ау ш ы л а р ғ а қатысты хаттама толтырды.

Бекетте болған кезімізде кезекшіліктегі полицейді әңгімеге тартып көрдік. Ол «Орталық көпір арқылы өтетін көліктің ағыны көп. Жүргізушілерге бетперде тағып жүрулерін ескертіп, сақтық шараларын түсіндірудеміз» деп әңгімесін қысқа қайырды. Қызметтері қауырт сақшыларға кедергі келтірмеуді ойлап, біз жұмысымызды одан әрі жалғастырдық.

Ендігі бағытымыз – Тұрғын үй қалашығындағы көпір бо­латын. Бұл мобильдік бекет­те алдындағыдай көлік нөпірі байқалмайды. Мұндағы Ерболат е сімді кезекші полицей әр көлікті тоқтатып, құжаттарын мұқият тексеріп жатыр. Қажет болған жағдайда қызметтік планшеттерінен әр жүргізуші туралы деректі анықтап алу­да. Оның айтуынша, бүгінгі кезекшілігі қалыпты өтуде. Заң бұзушылық тіркелмеген. «Тұрғындар жауапкершілікпен қарап, түсіністік танытуда. Өйткені, осындай шешімдер арқылы ғана қауіпті індеттің бетін қайтаруға болады» деді жол сақшысы.

«Қашқын» жүргізушінің соңында

Облыстағы карантиндік ш е к т е ул е р к е з і н д е қ а л а тірлігіне қажетті аса маңызды қызметтердің жұмысына тоқтау салынған жоқ. Азық-түлік және дәрі-дәрмек, гигиеналық зат­тар тасымалы еркін жүріп жа­тыр. Сондай-ақ, жедел жәрдем, авариялық-құтқару, өрт сөндіру қызметінің көліктері де кедергісіз өтуде.

Б ұ л к ө р і н і с Ә л и е в – Сатыбалдиев көпірінің Еуропа бетіндегі бекетте де байқалды. Мұнда аға лейтенант Асылжан С ә р с е н ғ а л и е в п е н л е й т е ­нант Қазымбек Наурызбек к е з е к ш і л і к т е г і қ ы з м е т і н атқарып тұр. Олар да облыстың бас мемлекеттік санитариялық д ә р і г е р і н і ң қ а у л ы с ы н бұлжытпай орындаудың аса маңызды екенін айтады. Әр көліктің рұқсат қағазының б а р — ж о ғ ы н а н ы қ т а п , себепсіз жүрген көліктерді кері қайт аруда. Осы сәтте ыңғайсыз жағдай орын алды. Полицейлер «Лада грантаның» жүргізушісіне баршаға ортақ талапты айтып жатқан. Соған қарамастан, көлік турникетті баса-көктеп өтіп, көпірдің үстімен құйғыт а жөнелді. Сақшылар дереу «қашқын» жүргізушіні тоқтатудың ама­лына кірісті. Көпірдің Азия бетіндегі кезекшілерге хабар­ланып үлгерді. Біз де жолбас­шымен бірге оның артынан қуып жеттік. Амалсыз тоқтаған көлік иесі түрлі сылтау ай­тып, ақталып жатты. Бірақ, ол неліктен қашқандығын т ү с і н д і р і п б е р е а л м а д ы . Тәртіптің бәріне бірдейлігі себепті, карантиндік шектеу шарасын өрескел бұзушыға қатысты хаттама толтырылды.

Бұл індетпен күресте құқық қорғау саласы мамандарының еңбегі зор. Мобильдік бекеттегі кезекшілер 12 сағаттан ауысып, қызмет етеді. Жауапкершілікті сезініп, тәртіпке бағыну және сол арқылы халықтың денсаулығын қолдан келгенше сақтауға атса­лысу – әр тұрғынның азаматтық борышы, — деді взвод командирі Өсер Жәңгірхан.

Бұл күні әр мобильдік бекеттің темірдей тәртіппен қызмет ететініне куә болдық. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын күзеткен сақшылар күшейтілген режимдегі қызметтерін абырой­мен атқаруда.

Түйін

Қазіргі сәтте «Өзіңді сақтау – өзгені сақтау» деген ұғым аса маңызды. Бір сәтте карантиндік шара­ларды алып тастап, халықтың емін-еркін қозғалысына мүмкіндік берілсе, мұның арты өкінішті жағдайларға ұрындыруы ықтимал. Осы уақытқа дейін қол жет­кен жетістіктеріміздің барлығы да зая кетуі мүмкін. «Сондықтан, әзірге «қамданған қапы қалмайды» деп шектеулерді есте ұстап, сақтық шараларын қолға алған дұрыс» дейді полицейлер.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button