Жол азабын жүрген білер, десек те…
Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен кезекті брифингте Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешов және осындағы басқарма басшысы Әнуар Бисалиев журналистердің сауалына жауап берді.
– Инспекцияның басты міндеті – автокөлік құралдарының ел аумағымен жүріп-тұруын, отандық және шетелдік тасымалдаушылардың рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерді сақтауын бақылау, — дейді Аманжол Хамидоллаұлы. – Нақтырақ айтқанда, мұндай бақылау Атырау қаласы, Ақтөбе – Атырау – Ресей (Астрахан), Атырау – Батыс Қазақстан облысы, Доссор – Құлсары – Маңғыстау облысы шекаралары бағыттарындағы республикалық маңызы бар жолдарда жүзеге асырылады.
Айта кетейік, облыста 990 шақырым республикалық және 2026 шақырым жергілікті маңыздағы жолдар бар.
(Толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан таныса аласыздар)
«Atr-Ақпарат»