Жоба ашықтыққа үндейді
Кез-келген мемлекеттің өркениетті дамуы үшін басты алғышарт – жариялылық пен ашықтық. Осы орайда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық «ATYRAY`» газетінің бірлескен жобасы іске қосылды.
Жобалық кеңсе бұдан бұрын да қордаланған мəселелерді көтеріп, облыс тұрғындарының талап-тілектеріне құлақ асып қоймай, проблемалардың оң шешімін табуына үлес қосқан жұмысы өз нəтижесін беріп отыр. Бұған тұрғындар арасында жүргізген сауалнама да дəлел. Сауалнамаға қатысқан халықтың көбі тұрмыстық жемқорлықпен күресудегі қарқынды жұмыспен «Адалдық алаңының» əлеуметтік желідегі парақшасынан хабардар екенін айтады.
Қазір жобалық кеңседе облыс ауруханаларындағы бос орындарсанын халыққа ақпараттандыру ж ұ м ы с ы қ о л ғ а а л ы н д ы . Енді облыстың бас басылымы «ATYRAY`» мен «Atyrau adaldyq alany» парақшасы арқылы карантиндік жағдайдағы ауруханалардың қызметі туралы нақты ақпарат халыққа дер
кезінде жарияланады.
А ш ы қ т ы қ қ а ғ и д а т ы н а негізделген бірлескен жоба медициналық мекемелердегі қоғамдық бақылауды пəрменді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА