ЖИЫРМА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ КӨПІРІ САЛЫНАДЫ

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыста тың бастама жүзеге аспақшы. Енді Атырауда жүргінші көпірлері көптеп салына бастайды. Қала әкімі Серік Айдарбековтің айтуынша, 20 өткел шаһардың халық көп жүретін көшелерінде орнатылады. Қазіргі күні жобаның құжаттамалары дайындалуда.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамедов бұл игі іске қолдау көрсетіп отыр. Өйткені, бұл адам өмірін аман сақтап қалуға басты рол атқарады. Айта кетейік, аталған жаяу жүргінші көпірі біреуі Атырауда қазір де бар. Ол Сәтпаев пен Студенттер даңғылының қиылысқан жерінде орналасқан. Жол полицейлері аталған құрылыс пайдалануға берілгелі мұнда бұрын жиі кездескен жол-көлік оқиғаларының саны кәдімгідей азайғанын айтады.

А.БАЙБЕК.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз