Жертөле лас судан тазартылды

img 20201126 wa0149 Жаңалықтар

«Бүгін әлеуметтік желіге шыққан Огородная 1 үйінің жертөлесіне кезекті рет тазарту жұмыстары жүргізіліп, дератизациялық және дезинфекциялық жұмыстар жасалды», деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Заң бойынша, үйдің астындағы жиналған суды тұрғындар өздері сорғызып, тазалату керек. Бірақ, екі-үш ай сайын қалалық түрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлiмi тазалап келеді. Осыдан он күн бұрын тазалап кеткен болатын.
Атырау қаласы Огородная 1 мекен-жайындағы тұрғын үйлердің мәселесі біраз жылдан бері бар. Аталған үй 1991 жылы пайдалануға берiлген. Ондағы 18 пәтер тұрғындарының басты мәселесі – ескірген кәріз жүйелерінің бітелуі салдарынан жертөленің екі-үш ай сайын лас суға толуы болып отыр.

Биыл Атырау қалалық әкімдігімен ескі тұрғын үй қорындағы кәріз сулары мәселелерін шешу мақсатында ауқымды жұмыс жүргізген. Тіпті кейбір проблемаларды реттеу үшін демеушілер тартқан. Соның арқасында Авангард 2 ықшам ауданындағы №2, 3, 8, 16 үйлердің жылдар бойы келе жатқан мәселесі түбегейлі шешіліп, жертөлелері судан толық тазартылған.
Ал әлеуметтік желіге таратылған Атырау қаласы Огородная 1 мекен-жайындағы тұрғын үйдің жертөлесі де демеушілер көмегімен тазартылып келеді. Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы тарапынан пәтер иелерінің дербес жауапкершілігіне тұрақты түрде ескертіліп келеді. Өйткені, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 2-бабының 14-тармағында және 32 бабында кондоминиум объектісінің мүлкі – жертөлелер халықтың ортақ жауапкершілігінде екендігі нақты көрсетілген, яғни тұрғындар қаржысына жөнделуі тиіс.
Ерекше атап өтерлік жайт – бұл үйлерге қызмет көрсетуші «Игiлiк» ПИК құрылған, алайда тұрғындар тарапынан қаражат жинау мәселесі шешiлмегендiктен, ПИК банкротқа ұшыраған.
Қалалық ТКШ бөлiмi Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің кәрiз желiлерiндегi ақауларды түзетiп, аяқтаған соң Огородная көшесі бойындағы жертөлелерді кешенді тазарту, қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алуы тиіс болатын.
Қалалық әкімдік бұл проблеманы түбегейлі шешуді қарастырып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз