Жарнама
Жаңалықтар

Жерлеуге дайындалып жатқан әжей тіріліп кетті

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Зейнеткер он сағат бойы ес-түссіз жатқан, еш белгі бермеген, осыдан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.

Дәрігерлер қайтыс болды деген Украинаның 83 жастағы тұрғыны Ксения Дидух туысқандары жерлеуге дайындалып жатқан кезде тіріліп кетті.

ТСН ақпаратынша, таңғажайып оқиға Винницкая облысында болған.

Зейнеткер он сағат бойы ес-түссіз жатқан, еш белгі бермеген. Осыдан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.

Медбикелер қарт әжейдің тамыр соғысы мен қысымын өлшеген, бірақ құрылғы ештеңе көрсетпепті.

Дәрігерлер, сондай-ақ, кардиограмма жасатқан –  түзу сызық шыққан.

Дидухтың туысқандары қабірді қазып, жаназаға дайындалған. Алайда сол сәтте зейнеткер көзін ашып, күліп, қалжыңдай бастапты.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел клиникалық өлімді бастан кешірген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button