Жарнама
Жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖАҢА ЖҮЛДЕСІ

Ол биылғы жылы “Әдебиеттану және эссеистика” номинациясы бойынша байқау комиссиясы үздік деп танығандар қатарында. Байқау ұйымдастырушылары оған “Автор — стильное перо!” атағын берді. Айта кетелік, жерлесіміздің жоғары дәрежедегі жетістігі әдеби зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай берілген. Нақтырақ айтқанда, «Игорь полкі туралы сөз» шығармасының түпнұсқа мәтінінен көптеген “қара дақтың” бетін ашқан Б.Қарашин поэманың кейбір үзінділері бойынша өзінің жаңалықтарын ұсынған. 
Ал, “Проза” аталымы бойынша Бекет Қарашинге байқау дипломанты атағы берілді. Айта кетерлігі, осы номинацияға ұсынылған “Дядины забавы” әңгімесі бұған дейін авторға “Флорида Кон” (АҚШ) Халықаралық байқауының лауреаты атағын алып берген болатын, сондай-ақ Халықаралық Кавериндік әдеби сыйлықтың (Ресей, Псков-Мурманск, 2012 жыл) лауреаты атағымен қоса, Бекет Қарашин В.А.Каверин атындағы медальмен марапатталған еді.
Қашан да ел тарихы мен әдебиеті, мәдениетіне қатысты жарқын жобалардың бастамашысы ретінде бірнеше игі іске мұрындық болып, академик Зейнолла Қабдолов атындағы қордың директоры лауазымында табысты еңбек етіп жүрген Бекет Қарашинның ана тіліне қатысты да бірнеше жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқанына ел куә.
Ал, жоғарыда аталған марапаттар — жерлесімізге өзінің 60 жылдығы қарсаңында жасалған сыйлық, оның әдеби таланты мен шеберлігін шет ел оқырмандарымен қоса, әдеби бәйгелерді ұйымдастырушылардың да мойындауы деп білеміз.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button