Жарнама
ЖаңалықтарСпорт

Атыраулық балуан әлем чемпионатына қатысады

«Жайық» спорт кешенінде белбеу күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

    Еліміздің 13 өңірінен келген 249 спортшы екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыс жеңімпаздары Ресей елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

    Ел чемпионатының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының белбеу күресі және ұлттық күрес түрлері қауымдастығының президенті Абай Тасболатов, облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова және бір топ спорт мамандары қатысты. 

    – Мұнайлы өлкеде үлкен бәсеке болып мәресіне жетті. Бүгінгі таңда белбеу күресі кең қанат жайып, жастардың қызығушылығын тудырып келеді. Жастарды қолдауымыз керек. Отанды қорғау осындай шаралардан басталады. Осыдан 6 жыл бұрын жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты Атырау жерінде жалауын көтерген болатын, биыл да осы өңірде жалғасын тауып отыр. Қолдау білдіріп жатқан жергілікті әкімдікке, университет басшыларына алғыс білдіреміз, — деді Абай Бөлекбайұлы. 

    Тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз Нариман Мұқан 45 келі салмақ дәрежесінде III орын, 50 келіде Құрмет Жақиев II орынға ие болса, 55 келіде Азамат Ерік жарыс жеңімазы атанды. 95 келіде Думан Маратов, 77 келіде Диас Қайыр,  қыздар арасындағы бәсекеде +70 келіде сынға түскен Нұрзила Қадыр күміс жүлдеге ие болды.  

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button