Жарнама
Жаңалықтар

Жерге бақылау да, талап та күшейді

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының  құзыретіне Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағына сәйкес жердің пайдаланылуы мен қорға­луына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жер заңнамасы бойынша анықталған бұзушы­лықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау міндеттелген.

%d0%b6%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d0%b4%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bf-%d1%82%d0%b0-%d0%ba%d2%af%d1%88%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d1%96

Сонымен бірге  заңбұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларды орындамаған жағдайда сотқа талап-арыз беру және пайдаланылмай жатқан немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару міндеттері жүктелген. Мұнымен қоса, егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режімін бұза отырып жүзеге асырылса, бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұруға пәрмен беру де аталмыш басқарманың құзырында.

Басқарма мамандарының қатысуымен ағымдағы жылы  жоспардан тыс 550 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 432 заңбұзушылық фактісі анықталды. Тексерудің тиімділігі 79 пайызды құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 136, 337, 338 және 339-баптары талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, 66 әкімшілік іс бойынша қаулы шығарылып, барлығы 37 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Соның ішінде өз еркімен 30,5 млн. теңге мемлекет пайдасына төленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 708-709 баптарына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жеке сот орындаушыға 23 әкімшілік бойынша салынған 3,7 млн. теңге айыппұл жолданды.

Жалпы басқарма тарапынан облыс көлемінде жер заңнамасына түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп отырғанына қарамастан заңды тұлғалардың мемлекеттiк жер телімдерiн ішінара заңсыз иеленіп алу немесе уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау деректері жиі орын алуда.

Мәселен, «Ниет ЛТД», «Время» ЖШС-теріне жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде  Жылыой ауданының Теңіз поселкесінен өздеріне тиесілі жер учаскелерінен артық көлемде мемлекет жерін пайдаланып отырғандықтары анықталды. Осыған сәйкес, Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағында көзделген жайларды бұзу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабына сәйкес, әкімшілік істер қозғалып, әрқайсысына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Аталған жер учаскесін босату арқылы жер заңдылығының бұзылуын жою қажеттігі туралы нұсқамалар табысталды.Сонымен қатар, қала және аудандар аумақтарында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін алған жеке және заңды тұлғалар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға жалға алу мерзімі өткен соң ұзартуға ниет білдіру фактілері де кездеседі.

ҚР Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағында ҚР заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.

Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi екендігі көрсетілген. Бұл заңбұзушылық та ӘҚБтК-нің 136-бабына сәйкес жауапкершілікті көздейді, жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соқтырады.

Биыл пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша 29 кәсіпкерлік субъектісіне көлемі 197,0722 гектар жерге қатысты заңбұзушылықты жоюға бағытталған міндетті нұсқамалар берілді. Қолданыстағы заң бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбаған немесе тиімсіз пайдаланған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (шаруа қожалықтарына) қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 79 280 теңге айыппұл салу көзделген. Шаруа қожалығы иелері ауыл шаруашылығы өндірісі үшін берілген жер телімдерін мақсатты пайдаланбай жатқан субъектілердің жер салығы он есеге дейін ұлғайтылатындығын ескергендері жөн.

Қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес, берілген нұсқамалардың орындалуына бақылау, тексерулер мерзіміне орай жүргізілетін болады. Ауыл шаруашылығы жер телімдерін мақсатты пайдалану жөнінде шаралар қолдану мерзімі бір жыл болып белгіленді. Егер, биыл пайдаланылмаған жер телімдерінің келесі жылы да пайдаланылмағаны анықталса, онда мұндай жерлер сот тәртібімен мәжбүрлеп алуға жатады және ондай меншік иелері мен жер пайдаланушылардың нақты жер телімдері бес жыл бойы тұрақты бақылауда болады.

Жазира ЖҰМАХАНОВА,

облыстық жердің пайдаланылуы мен

қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button