
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ
Жеңіс саябағының қоршауын қиратқан атыраулық 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды (+ФОТО)
Atr.kz/7 қазан, 2020 жыл. Атыраулық тұрғын (1990 ж.т.) 26 қыркүйекте «ВАЗ-21723» автокөлігімен «Авангард» ықшамауданындағы Жеңіс саябағының қоршауына соғылған болатын.
Жүргізуші мас кйінде көлік жүргізгені анықталды. Сондықтан оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Енді сот қорытындысымен жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Аман ШАМАР


