Махамбет ауданындағы бірқатар ауылдарда ауылішілік жолдар салынуда (+ВИДЕО)

117527096 1017823671985632 8503894659841521483 n БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/13 тамыз, 2020 жыл. Құрылыс жұмыстарына «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында ауыл азаматтары тартылуда»  деп хабарлайды.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/311379496842298/?epa=SEARCH_BOX

Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Талдыкөл ауылында​ қазір мыңның үстінде тұрғын тұрады. Халық санының артуы себепті ауылда жаңадан көшелер бой көтеруде. Жаңадан инфрақұрылымдар жүргізіліп, газ желісі тартылуда. Кіре беріс жол құрылысы да биыл басталды.Жол құрылысын жасаушы «Казком сервис» мердігер компаниясының басшысы Нұрлан Қайреденовтің айтуынша,
Талдыкөл ауылында жасалынып жатқан жолдың ұзындығы 3 шақырымнан асады. 

«Екі жолақты автомобиль жолдарын салу жұмысына​ «Жұмыспен қамту- 2020″ мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 адам жұмысқа тартылды. Құрылысқа қажетті өнімдердің бәрін жергілікті жерден жеткізудеміз» – дейді спикер Нұрлан Қайреденов.

Талдыкөлмен бірге, Махамбет ауданындағы Ақтоғай, Бейбарыс, Аққайың ауылдарында ауылішілік жол салынуда.

Сонымен бірге, Сарайшық, Ортақшыл, Талдыкөл ауылдарына газ тарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз