Жеңіс күніне орай байқау жарияланды
Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Жеңімпаздар Беларусь еліндегі Брест қамалы мен Ұлы Отан соғысының тарихи музейіне барады.
18-35 жас аралығындағы қазақстандық журналистер мен блогерлер арасында «Ұлы Жеңіс — халықтар ерлігі» атты байқау жарияланды. Бұл туралы Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталық хабарлайды.
Байқау жеңімпазы 2019 жылдың 18 маусымы мен 23 маусымы арылығында Беларусь еліне баратын болады. Баспасөз туры Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына орайластырылған.
Қатысушылар Беларусь еліндегі Брест қамалы (Брест қаласы) мен Ұлы Отан соғысының тарихи музейіне (Минск қаласы) барады. Соғыс кезіндегі маңызды жерлерді аралап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездеседі.
Бұл баспасөз туры «Қазақстан орысша» атты халықаралық жоба аясындағы іс-шаралардың бірі. Мақсаты — қазақ жастарын ел тарихы үшін маңызды орындармен таныстыру. Сондай-ақ, қазақ тілі мен мəдениетін зерттеу орталығының жұмысымен танысып, қазақ диаспорасы өкілдерімен кездестіру.
Байқау шарттары
1. Қатысушы өз отбасындағы соғыстың рөлі туралы қысқа бейнеролик (3-5 минут) түсіріп, əлеуметтік желіде (ВКонтакте, Facebook, Одноклассники) бөлісуі керек.
Соғысқа қатысқан жақыныңыз немесе тыл еңбеккері болған туысыңыз туралы жазуға болады. Бейнероликті қазақ немесе орыс тілдерінде түсіре аласыз. Әлеуметтік желідегі бейнероликке қоса, «Брест қамалын неге көргім келеді?» тақыбында орыс тілінде жазылған қысқа мəтінді хатты қоса жариялап, #ВеликаяПобедаПодвигНародов және #Казахстанорысша хештегтерін қосу керек.
2. Мына сілтеме бойынша анкета толтырып, жарияланған видеоның сілтемесін тіркеу керек. Өтініш 2019 жылдың 1 мамыры мен 2 маусымы аралығында қабылданады.
Баспасөз турының шығынын ұйымдастырушылар төлейді.