
Жеңілдетілген карантин: Атырауда азаматтардың жүріп-тұруына қандай жағдайда рұқсат етілгені белгілі болды
Аtr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. Атырау қаласында азаматтар 4 мамыр, яғни дүйсенбіден бастап сағат 6.00 — 21.00 аралығында жұмысқа, үйіне жақын маңдағы шаштаразға, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға бара алады.
Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысында жарияланды.
Сонымен бірге, азық-түлік емес дүкендеріне, адвокаттық кеңселерге, медициналық орталықтарға, стамотологиялық клиникаларға, жарнама агенттіктеріне, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары мен төлем терминалдарына қызмет көрсету компанияларына, фотосалондар мен гүл дүкендеріне, шағын қаржылық ұйымдарына, сақтандыру компанияларына, ломбардтарға, валюта айырбастау пункттеріне, жылжымайтын мүлік операциялары компанияларының қызметін сағат 6.00 — 21.00 аралығында пайдалана алады.

Тағы бір атап өтерлігі, көшеде спортпен шұғылдануға және жаттығумен айналысуға мүмкіндік бар. Бірақ, спортпен әр адам жеке түрде айналыса алады. Басты талап — маска режимі сақталады.
Еске сала кетелік, жеке автокөлікпен карантин кезінде қызмет етуіне рұқсат берілген мекемелердің жұмысшылары ғана жүре алады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА

