Жарнама
Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие: Айына қанша автомобиль беріледі

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздер бұл сұрақпен бірнеше мәрте жүгіндіңіздер. Мен де сан рет бұл мәселемен аталған қаражатты алып отырған «Бәйтерек» айналысатындығын айтқан едім», — деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол қайта қаржыландыру есебінен ай сайын қанша автомобиль берілетіндігін атап өтті.

«Иә, шындығында қайта қаржыландыру арқылы ай сайын тек бар болғаны 400-500 автомобильді жаңартпалы негізде беруге болады. Ал көлік сатып алғысы келетін адамдардың саны 100 мыңнан асып жығылады. Сондықтан «Бәйтерек» қазіргі уақытта аталған қаражатты қалай пайдалануға болатындығына қатысты түрлі нұсқаны қарастырып жатыр», — деді бірінші вице-премьер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button