Атырауда қала құрылысын жоспарлауға байланысты селекторлық жиналыс өтті

2 Жаңалықтар

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Лұқпановтың төрағалығымен қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеуге байланысты селекторлық жиналыс өтті. Оған онлайн режимінде аудан әкімдері де қатысты.

2

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанованың баяндауынша, былтыр аталған бағытта қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес жарияланған ашық конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталған. Ол – «Астана Прожект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кешенді жоспар ұзақ мерзімге белгіленген. Аумақты пайдалануға қойылатын шектеулер ескеріліп, қызметтік аймақтар белгіленеді, олардың интенсивтілігі анықталады.

1

Өз кезегінде «Астана Прожект» мекемесінің директоры Әсемгүл Әмеркенова жаңадан жасақталған жобаны жиынға қатысушыларға таныстырды. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Есенғалиұлы жобаның сәтті жүзеге асуы мен жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуы алғашқы ақпарат жинау мен талдауға тікелей байланысты екенін ескертті. Осыған орай, қажетті мәліметтердің толық және мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын талап етті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз