Жемқорлықты түп-тамырымен жою мүмкін бе?
Atr.kz/12 қараша, 2019 жыл. Облыс әкімдігінде мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу шаралары талқыланды.
Селекторлық кеңес облыс әкімі аппаратының басшысы Дәурен Бектұрғановтың төрағалығымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басқарма басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша Атырау облысында жемқорлық фактілері әлі жойылмай отыр.
— Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасаудың жеті тәуекелі анықталды, — деді Жәнібек Қаражанов.
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Дәурен Бектұрғановтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың белгілі бір жүйесін әзірлеу қажет.
— Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түрлі бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, адамгершілік құндылықтарға немқұрайлы қарау, білім мен тәрбие деңгейінің төмен болуы сияқты көптеген себептер, адамдарды осындай іске баруға итермелеп отыр, — деп қорытындылады Дәурен Бектұрғанов.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі