Жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

1565782561 maxresdefault Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атырау» ӘКК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырады. Сіз корпорацияның құзыретіне кіретін әкімшілік кедергілер, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді ұсына аласыз немесе «Атырау»ӘКК қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізе аласыз. Ақпаратты dgs15@bk.ru поштасына және ватсап 8778 959 38 90 жібере аласыз.

Ұсынылған ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

ӘКК-дегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау 15 сәуірге дейін жүргізілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз