ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ
«Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс» деген болатын. Бұл мәселенің Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне де тікелей қатысы бар. Осы орайда аталмыш басқарма Президент Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оған қарсы тұру мәселелерін саралады.
Шараға «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық қеңестің мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Диас Сұлтанов қатысып, басты құжаттағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты міндеттерді алға қойды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы да талданды. Белгілі болғанындай, бағдарламалық жобада алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қоғамның және әр азаматтың жауапкершілігі бекітілген. Бағдарлама жобасы төрт іргелі қағидатқа негізделеді. Олардың алғашқысы – жүйелілік қағидаты. Осы ретте жобаны әзірлеушілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек жекелеген деректерді анықтауға саймауы тиістігін алға тартады. Жұмыс тобының пайымынша, жекелеген сыбайлас жемқорларды қудалау, «атышулы істер» арқылы олардың ізіне түсу тұрақты нәтижелер бере алмайды. Басты екпін аталған құбылысты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға түседі.
Бұл ретте «Нұр Отан» азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлыққа қарсы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мүмкін еместігін айтады. Сондықтан, елдің өркендеуі мен демократияға қарай ілгерлеуі үшін әлеуметтік-саяси жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, қоғам мен әрбір жеке азаматқа да жүктеледі.
Ендігі уақытта жоспарды ұтымды түрде жүргізу үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жыл сайын әр мекемеде іс-шаралар жоспары бекітілмек. Мұның бәрі Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды жұмыс болып табылады.
Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ,
Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ
бөлім басшысы,
полиция капитаны.