Жарнама
Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ЖОЮ – МІНДЕТ

— Бүгінгі қоғамда ойларын еркін жеткізе алмайтындар көптеп кездеседі. Олардың дүниетанымдарын кеңейтіп, бойларына ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру бағытында жұмыстану қажет, — деді  қоғамдық бірлестік атынан сөз алған Мартагүл Қанатова.

Шараның ең қызықты сәті – №13 ұлттық мектеп-гимназия директорының орынбасары Айнагүл Мергенқызы қойған ойлы  сұрақтар болды. «Ұстаз тапсырмасын «еңбегіңді жемеймін» деп досыңа тапсырар ма едің?» деген сұраққа әркім өзінше жауап беруге тырысты. Біреулер «өзіме жүктелген жауапкершілікті өзгеге арта алмаймын» десе, екіншілері «шын дос көмектесуге дайын» деген ойларын білдірді. Әсіресе, «мұғалімге мереке күні гүл шоқтарын сыйлау, дәрігерге сыйлық жасау, емтихан алушыға  дастархан жаю жемқорлыққа жата ма?» деген сауалдар екіжақты пікір туғызды.

Әңгімеге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Динара Лұқпанова араласты.

— Егер алғыс ретінде берілген сыйлық бағасы заңда көрсетілгендей, екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, бұл пара болып саналмайды. Ал, ҚР заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш биыл  1982 теңгені құрап отыр. Сондықтан, шәкірт ұстазына қалам не кітап сыйласа да жеткілікті, — деді ол.

Қоғамдық бірлестік өкілдері жастарды адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, тазалық, мейірімділікке жетелейтін игі істер стратегиясы аясында тағылымды шаралар өткізуді жалғастыра бермек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button