Жем-шөп қоры жеткілікті болады

1584344456 1 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің арнайы тапсырмасына сәйкес тиісті құрылым басшылары өткен аптада Батыс Қазақстан облысына арнайы барып, жем-шөп дайындау және оның қорын молайту жөнінде өзара келіссөз жасады. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мал азығын бірлесіп дайындау туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандумда шаруашылықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жем-шөп т асымалдау жұмысын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы ө н і м д е р і н с а қ т ау, а з ы қ – т ү л і к қ ау і п с і з д і г і н қ а м т а м а с ы з е т у жəн е с ауда айналымын күшейту мәселелеріне басымдық берілген. Қолданыстағы заңнама аясында Атырау облысының шаруа қожалықтарына мал азығын дайындауы үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік жер қорынан арнайы шабындық алқаптарын бөлу қарастырылады.

– Батыс Қазақстан облысы – мал шаруашылығы дамыған аймақтардың бірі. Күні бүгінге облыста 754 мың мүйізді ірі қара, 1466,6 мың қойешкі, 253,4 мың жылқы, 2,5 мың түйе және 1638,1 құс тіркеліп отыр. Биыл мал қыстату маусымына дайындалуы тиіс 1826 мың тонна шөптің 368 мың тоннасы дайын. Биыл ауа райы қолайлы, сондықтан 1,5 жылға жетерлік көлемде (2739 мың тонна) жем-шөп қорын əзірлеуді жоспарлап отырмыз. Атырау, Маңғыстау өңірлеріндегі алапат құрғақшылық пен мал азығының тапшылығы туралы хабардармыз. Сол себепті өзара ынтымақтастықты нығайтып, қ ы с т а қ қ а қ а ж е т т і м а л а з ы ғ ы н дайындауға қол ұшын созуға дайынбыз, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

Атырау облысы əкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев мұндай қолдаудың шаруашылықтарға зор көмек боларын атап көрсетті.

– Биыл облысқа 573 мың тонна ж е м – ш ө п қ о р ы қ а ж е т. М а л а з ы ғ ы н д а й ы н д ау, а з ы қ – т ү л і к тұрақтылығын қамтамасыз етудегі көрші өңірдің қолдауы біз үшін аса маңызды роль атқарады. Әрине, Ат ы р ауд а ғ ы а ху а л М а ң ғ ы с т ау о бл ы с ы н д а ғ ы т ә р і зд і ө т е ау ы р емес. Біз өз күшімізбен шара – л а р д ы қ а р а с т ы р ы п ж ат ы р м ы з . Дегенмен, Батыс Қазақстан жəне Атырау облыстарының əкімдіктері арасындағы «Қолжетімді мал азығы туралы» меморандум аясында жемшөп тасымалдау жұмысы ширай түспек. Қазір Атырауға шекаралас орналасқан Ақжайық ауданының мемлекеттік жер қорынан 10 мың гектар жайылымдықты шабындық ретінде пайдалану қарастырылған, – деді Қайрат Есқабылұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз