«Теңізшевройл» компаниясы шаһар тұрғындарына он өрт-сорғы стансасын сыйға тартты

Бәрекелді Жаңалықтар

Соңғы жылдары еріген қар мен жауын-шашынның көптігінен облыс орталығы және оған іргелес елді мекендер жиі су астында қалуда. Міне, соған орай «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаһар тұрғындарына он өрт-сорғы стансасын сыйға тартты. Оны Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновке компанияның бас директоры Тед Этчисон салтанатты түрде тапсырды.

Бәрекелді!

Бұл мәрттікке риза болған Серік Жамбылұлы:

– Шаһар басшылығы мен тұрғындары атынан «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төтенше жағдайлардың алдын алуда көрсетіп отырған ұдайы қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл техника су тасқыны, өзен тасуы және басқа да табиғи немесе техногенді жағдайлардың салдарымен анағұрлым тиімді күресуге мүмкіндік береді, – деді.

Бір айта кетерлік жай – қазақстандық қамтуға қолдау көрсету үшін компания арнайы көліктерді жергілікті өнім өндірушіден сатып алды.

– Бүгін біз, – деді шара барысында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Тед Этчисон, –  Атырауға қажетті техниканы сыйға тартып отырмыз. Бұл біздің стратегиялық мақсатымыз – жергілікті жұртшылыққа қолдау көрсетумен толық үйлеседі. Енді біздің шаһарымыздың алдағы су тасқындарымен және басқа да төтенше жағдайлармен өз күшімен  күресуге мүмкіндігі бар.

Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз