Депутат жарықтан тарықпаудың төрт жолын көрсетті

prarara Жаңалықтар

Жылдың басы Атырау облысы тұрғындарының жадында жарықтың жиі өшіп-жануымен есте қалды.

Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық техника атаулыны 220 киловаттық ток көзінен ажыратуға тура келді. Мұның түп-төркіні энергетика саласын дамытудың кешенді бағдарламасының болмауынан туындапты. Атап айтқанда, Қазақстанның батыс өңірі бойынша Ресей Федерациясының энергия жүйесімен әлсіз байланысынан және батыс өңірдің бірыңғай энергия жүйесімен байланысының болмауынан орын алып отыр.

Иесіз желі көбейіп барады

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов осы мәселе бойынша вице-премьер Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдап, жылдар бойы қордаланған проблемадан арылудың жолдарын ұсынды. Саланың дамуына септігін тигізетін нақты жоспарлардың болмауы энергия компанияларының даму тетіктерін ескермейтіні өз алдына, инвестиция тарту қабілетін де жоғалтары анық.

Мәжіліс депутатының айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасы газ секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2015-2030 жылдарға арналған Қазақстанды газдандырудың бас схемасы, көмір өнеркәсібін дамытудың 2030 жылға дейінгі республикалық жол картасы, отын-энергетика кешенін (ОЭК) дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы сынды ОЭК секторларын дамытудың түрлі бағдарламалары жұмыс істеп тұрса да, энергетика министрлігінде 2014 жылдан бері электр энергетикасы саласын дамытудың нақты жоспары жоқ. «Жылумен жабдықтау туралы» заң да әлі қабылданған жоқ. Сондықтан, әрбір қуат компаниясы өз бетімен жұмыс жасайды. Саладағы мақсаттың шашыраңқы, процестің бақылаусыз болуына осылайша жол беріліп отыр. Сайып келгенде, шешімдер де жүйесіз, толық әрі жан-жақты талқыланбай қабылданады.

Биыл 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының маңызды шарттарының бірі ретінде электр энергетикасы жүйесінің үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін, сонымен қатар энергетикалық балансты әзірлеу қажеттігін тапсырды. Мұның бәрі саланың стратегиясымен тығыз байланысты, онсыз аталған проблеманы шешу мүмкін емес. Қазақстанның энергетикалық жүйесі қазірдің өзінде максимумдар мен минимумдар кезеңінде энергия жүйесін теңгерімдейтін маневрлік қуаттардың тапшылығын сезініп отыр. Электр станцияларының негізгі энергетикалық даму стратегиясын жасауды қажет етеді генерациялайтын жабдықтарының үштен бірінен астамы өздерінің парктік ресурсын сарқып алған. Ре спублика бойынша электр желілерінің тозуы орта есеппен алғанда 60%, ал жылу желілерінің тозуы 50%-дан асады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілмеген иесіз желілердің саны жыл сайын көбейіп барады.

Жаңармаған жүйе дамымайды

Қолданыстағы тарифті реттеу де электр энергетикасын дамытудың бір тетігі. Бүгінде электр станциясы үшін жарық тарифін энергетика министрлігі, ал жылу тарифін Ұлттық экономика министрлігі бекітеді. Демек, энергия өндіруші кәсіпорын, яғни бір субъект үшін тарифті екі мемлекеттік орган реттейді.

Сондай-ақ, Экологиялық кодексті қабылдау және заңнамаға өзге де өзгерістер енгізу арқылы энергетика саласын реттеуді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі де жүзеге асырады. Бірыңғай салалық реттеушінің болмауы электр энергетикасы саласындағы қарама-қайшылықты туындатып отыр. Бұл келеңсіздік саланың құлдырауына әкеліп соқтырады. Соның салдарынан Қазақстанның э н е р г е т и к а к ә с і п о р ы н д а р ы жабдықтарды белгіленген мерзімде жаңарта алмайды да, Еуразиялық одақтағы интеграция шеңберінде Қазақстан болашақта энергиялық тәуелсіздіктен айырылып, ресейлік қымбат қуатты сатып алуға мәжбүр болуы әбден мүмкін.

Дүйсенбай Нұрбайұлы осының барлығын саралап шыққан соң, нақты 4 ұсыныс айтты.

Тәжірибелі энергетик «біріншіден, электр энергетикасы саласын дамытудың ұлттық жобасын әзірлеу қажет» деп есептейді. Бұл елдің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтары мен экономикалық даму жоспарларын ескере отырып, салалық маңызы бар перспективалық міндеттерді шешуге бағытталады.

Екіншіден, тариф белгілеудің «ынталандырушы» әдістерін жасау, оның ашықтығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, энергия өндіруші, беруші және онымен жабдықтаушы құрылымдар рент абельді және шығынсыз қызмет етуі үшін электр және жылу энергиясы саласында тариф белгілеу саясатын толық қайта қарап, жаңарту қажет.

Үшіншіден, осы салада бірыңғай салалық реттеуші құру мүмкіндігін қарастырған абзал.

Төртіншіден, көмір, газ және отын тасымалдау тарифтерінің құнын, сондайақ қуат өндіруші кәсіпорындарды ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге мемлекет тарапынан ынталандыруды қолға алу керек. М ә ж і л і с д е п у т а т ы н ы ң б ұ л ұсыныстары жүзеге асқан жағдайда батыс өңірдің, әсіресе атыраулықтардың болашақта жарық пен жылудан зардап шекпесі анық. Осы салада қызмет етіп жүрген мекемелерге бүгінде мемлекеттің қамқорлығы мен бақылауы қажет.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз