Алдағы тәулікте күн салқындайды

20180709124539 Жаңалықтар

10-12 шілде күндері Қазақстанда күн салқындауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

20180709124539

«Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы 40…45°С ыстық болды. Бірақ алдағы үш күнде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан ауа ағындарымен бірге Қазақстанға салқын және ылғалды ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдеп, солтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, күшті жел тұруы мүмкін. Оңтүстік облыстардың кейбір аудандарында да, әсіресе таулы және тау бөктері аудандарында найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал», – дейді синоптиктер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз