Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қалай қаралады?

Atr.kz/8 қазан, 2020 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Атырау облысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке қабылдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Үстіміздегі жылдың 9 айында облыс бойынша барлығы 28 594 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді. Оның ішінде 5 637 өтінштер оң шешілген,жер мәселесі бойынша – 3 194 өтініш (кәсіпкерлерге жерді уақытша жалға беру, жердің пайдалану құқығын рәсімдеу, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару және т.б.), тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 553 (тұрғын үй бөлу, баспана, жол салу, тұрғын үйдің жалдау төлемі, коммуналдық қызметтерді төлеу, тұрғын үйді жөндеу, инфрақұрылымдар жүргізу), әлеуметтік көмек көрсету бойынша 499 (халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржылай көмек көрсету, құрал-жабдықтар, азық-түлік, дәрі-дәрмектер беру, баспасөзге жазу және т.б.), еңбек қатынастары бойынша 443 (еңбек дауларын шешу, төленбеген еңбекақыны төлеуді жүргізу, еңбек келісім шарттарын жасақтау, қызметкерлерге қатысты алынған тәртіптік шаралар бойынша құқықтық актілерді (шешімдерді) өзгерту), кәсіпкерлікті қолдау бойынша 188 (шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру және т.б.), төтенше жағдай бойынша (пандемияға байланысты) – 140 (кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР аумағына кіріп-шығуға рұқсат беру және т.б.), жұмыспен қамту – 55 (жұмысқа орналастыру үшін кезекке қою, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тағайындау, қоғамдық  жұмысқа жолдама беру), білім беру – 75 (оқушыларды қашықтықтан оқыту, оқу семинарларын ұйымдастыру), денсаулық сақтау – 183 (квота бөлу, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, мүгедектік тағайындау, жедел медициналық көмек көрсету, медициналық кеңес беру және т.б.), ауыл шаруашылығы – 167 (ауыл шаруашылық өнімдері бағасын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы жобаларын қарау, тауар өндірушілерге қолдау көрсету, мал шаруашылығын дамыту, шаруа қожалығы мәселесін шешу, субсидия бөлу және т.б.), мәдениет және спорт бойынша – 13 (мәдени және спорттық шараларды өткізу), басқа да мәселелер бойынша – 127 (ономастика, шекара құжаттарын беру, адам құқықтарын қорғау, аң аулауға қызметін жүзеге асыру және т.б.).

22 957 өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді.

Бұдан басқа, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерімен 994 азамат жеке қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен  — 114 азамат.

Сонымен қатар, өткен кезеңде облысы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсесіне  жеке мәселелерімен хабарласқан 1000-нан аса азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанынан халықтың өзекті мәселелеріне жауап беруге арналған 109 орталығына 304 446 азаматтар және 112 жедел байланыс call-орталығына 353 121 азаматтар хабарласып, қызметтер көрсетілген.

Тұрғындардың мәселелерін ашық түрде қарау және қанағаттандыру мақсатында «Атырау облысының әкімдігі» телеграм-чат каналы онлайн форматта жұмыс жасап келеді. Тұрғындар тарапынан келген сұрақтарға тиісті мекеме қызметкерлерімен жауаптар беріліп отырады.

Өтініштермен жұмыс бойынша Атырау облысы әкімдігінің веб-сайтында (atyrau.gov.kz) Бөлімнің арнайы парақшасы ашылып, онда сәйкесті мәліметтер (көп қойылатын сұрақтар, облыс басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі және т.б. мәліметтер) мен жеке қабылдауға жазылу және өтініш беру функционалы қамтылған.

Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button