
Жеке карт шотына негізсіз қаржы аударды
Облыс орталығындағы жастар ресурстық орталығында жүргізілген аудиторлық іс- шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 15 млн. 794,8 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарова хабарлады.
Департамент басшысының орынбасарының айтуынша, мекеме басшысы тарапынан мекеме қаржысының шығысталуына тиісті қадағалау жүргізілмей, банктік есепшоты арқылы жүргізілген операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Соның салдарынан мекеменің бас есепшісі 2022-2024 жылдар аралығында еңбекақы бойынша және іс-сапарға шығу, сауықтыру жәрдемақысын өзінің жеке карт шотына негізсіз артық аударған. Бүгінде департамент қаржылық бақылаудың ден қою шаралары қабылдаған.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ