«Үй жағдайындағы қолжетімді тәттілер»

rpararara Жаңалықтар

31 қазан күні карантин талаптарын сақтай отырып,  «Alisa.cookies» торт дүкенінің кондитері «Үй жағдайындағы қолжетімді тәттілер» атты қайырымдылық мастер-класын  өткізді.

Заманауи қоғамда балаға сіңірген білім – жарқын болашағымыздың кепілі екені сөзсіз. Өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдалы дүниеге жұмсап, еңбекке бір табан жақын болсын деген ниетпен аға буын еріктілер  бұл жолы қайырымдылықтың кезекті шарасын  балаларға арналған  мастер-класспен толықтырды. Мастер класс 3 бөлімді қамтыды.

Бірінші бөлімде балалар капкейктің 2 түрін ,екінші бөлімді 2 түрлі печенье, үшінші бөлімде алма бәлішін үйренді. Шеберлік сабағы барысында ұстаз өзіндік құпияларымен, лайфкахтарымен бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

 Айта кетейік, мастер класқа 7-18 жас шамасындағы  жалпы саны 33 бала қатысты.

Бақыт Астанай,

 Азаматтық орталықтың медиа маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз