Жазғы демалыста қай елдерге баруға болмайды?

9296678bdb704dc15cff8eba558c5582 Жаңалықтар

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жазғы демалыста қай елдерге бару қауіпті екенін айтты.

«Мен азаматтарға баруға кеңес бермейтін елдің қатарына бірінші Мадагаскарды жатқызар едім. Онда жыл сайын бір мың адам өкпе обасын жұқтырады. Бразилияға да бармаған жөн. Онда дэнге, эбола, сары ауру сынды жұқпалы дерттер бар. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы мен Африканың батысындағы елдерге баруға болмайды. Бұл мемлекеттерде ауру жұқтыру қауіпі жоғары», – дейді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Ол Бразилияға баратындарға міндетті түрде сары ауруға қарсы екпе салғызу қажеттігін ескертті.

«Ал енді Бразилияға баратын болсаңыз, сары ауруға қарсы екпе салғызу керек. Сонда бұл елге баруға болады», – деп елдің бас санитары сөзін түйіндеді.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз