Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

1598594066 bacbcada6cf15bd6108465e543477657 Жаңалықтар

Қазгидромет синоптиктері 29 тамыз-1 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ та жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады.

Содан кейін 1 қыркүйекке қарай температура түнде 10-15 градус жылы, күндіз 20-25 градусқа төмендейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз