Жарнама
Жаңалықтар

ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕНДЕР ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛЕДІ

Комиссия отырысында пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталған азаматтарды бір пайыздық квотамен жұмысқа орналастыру және осы бағытта атқарылған қызметтер талқыланды.

Белгілі болғанындай, биыл кейбір мекемелер сотталғандар арасында ешбір адамды жұмыспен қамти алмаған. Мекеме өкілдерінің айтуынша, бұның басты себебі  –  жұмыстың қысқаруы және кейбір мамандықтардың ұйымның негізгі қызмет бағыттарына сәйкес келмеуінің салдары.

Ал, Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар тізімінде 74 адам бар. Оның ішінде 53 адам жұмысқа орналасу жөнінде жолығып, алтауы квота бойынша жұмысқа орналастырылған. Жиынға төрағалық еткен шаһар басшысының орынбасары Гүлмира  Шәкірова белгіленген мерзімде ешбір азаматты жұмыспен қамтымаған мекеменің атын атап, бұл мәселені облыстық комиссияға ұсыну керектігін атап айтты.

Сондай-ақ, жазаларын өтеушілерге тәрбиелік ықпал ету  мақсатында жұмысты жандандыру қажеттігі айтылды. Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында тәрбие жұмысы тобының бас маманы Ерлан Дәулетқалиев «сотталғандарды бостандықтағы өмірге бейімдеу мақсатында театр ұжымдары түрлі қойылымдармен қамтамасыз етсе, сондай-ақ, мекеме клубтарындағы концерттік киімдерді, аспаптарды жаңартуға қолдау көрсетсе» деген ұсынысын білдірді. Бұл ретте мәселенің шешімін тауып, іске асыруда тиісті органдарға нақты тапсырмалар  жүктелді.

Алтыншаш  ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button