
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық
Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 1 жылға сотталды
Атырауда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 1 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айында А.Е. Баймұханов көшесінің бойында көлігімен келе жатып, жаяу жүргінші А.З.-ны қағып кеткен. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген.
Сот үкімімен сотталушы А.Е. Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы, 2-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектетілді. Сондай-ақ, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айдос Қарабала
Фото cheboksary.ru сайтынан алынған