Жарнама
Жаңалықтар

Ш.Кейкин: Қаламыздың әр нүктесінде ұялы байланыс желісі ұстауы қажет

15 тамыз күні Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин ұялы байланыс, интернет желісіне қатысты жиын өткізді. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиынға Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, жергілікті желілерді күтімге алу орталығы, электр жүйесі мекемесі, радиобақылау бөлімінің жауапты мамандары, Қазақтелеком, Атырау Транстелеком, Билайн, Кселл, Алтел, Теле2 байланыс операторларының өкілдері және окург әкімдері қатысты.

Шәкір Кейкин қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдарға сәйкес, жауапты мамандарға қала тұрғындарын толығымен байланыс, интернет желісімен қамту қажеттігін айтты.

— Бірінші кезекте, білім ошақтары, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету орталықтары толығымен интернет желісіне қосылып, үздіксіз қызмет етуі тиіс. Сонымен қатар, қабылдауыма келген Алмагүл, Нұрсая ықшам ауданы, Кеңөзек ауылдық округінің тұрғындары байланыс желілерінің әлсіздігіне шағымдануда. Қаламыздың әр нүктесінде ұялы байланыс, интернет желісі ұстауы қажет, — деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Алмагүл ықшам ауданында орналасқан әйелдер колониясы және Кеңөзек ауылдық округіне жақын № 66 еңбекпен түзеу колониясы аумағына орнатылған байланысты бұғаттау құрылғысы әсерінен желі әлсіздігі байқалады. Осы мәселені шешу бағытында Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қала әкіміне осы мәселенің шешілу бағытында атқарылып жатырған жұмыстарды баяндады.

— Түзеу колонияларында орналасқан байланысты бұғаттау құрылғысы мекемеден 20 қадам жерге дейінгі аралықта болуы қажет. Алайда бізде көрсетілген аумақтан асып кеткен жағдайлар орын алды. Қазіргі таңда әйелдер колониясындағы құрылғы қалыпқа келтірілді, бір аптаға жуық уақытта № 66 еңбекпен түзеу колониясында да байланысты бұғаттау құрылғысын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, -деді Азамат Изтлеуов.

Жиын соңында қала әкімі жауапты мамандарға байланыс желілері нашар жерге операторлардың байланыс мұнараларын орнатуға жұмыстанып, әкімдік тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button