Жауын суын тазартуда жұмыс күшейтіледі

1515153 Жаңалықтар

Облыс әкімі Серік Шәпкенов қалаға жауған жауын салдарын жою туралы штаб отырысын өткізді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде қалаға көп мөлшерде жауын-шашын жаууына байланысты көше бойында жиналған суды тазарту үшін түскен өтінімдер саны артты. Мәселеге байланысты аймақ басшысы төмендегідей тапсырма берді:

⁃ штаб құрамын облыс әкімдігі қызметкерлерімен күшейту;

⁃ жиналған суды тазалау жұмыстарын жүйелеу;

⁃ қосымша техника санын көбейту;

⁃ қажетті коммуналдық қызмет түрлерін қосу;

⁃ өңірдегі ірі компаниялардан керек техниканы сұрау;

⁃ келіп түскен өтінімдер бойынша тиімді байланыс орнату.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз