Жарнама
Жаңалықтар

ЖАТТЫҒУДА ШЫҢДАЛҒАН ІСТЕ ҚИНАЛМАЙДЫ

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Б.Омаров Қазақстан мен Ресей Федерациясы іргелес жатқандықтан өзара үйлесімді әрекет жасап, төтенше жағдайға жол бермеу маңызды ұстаным екенін айтты. Сондықтан, онымен күресте екі ел бірлесе қимылдауда.

—  Сіздермен бірге бүгін трансшекаралық аумақта орманды және дала өрттерін сөндіру тактикалық жаттығуына жиналдық. Бәрімізді де бір ғана мүдде — екі елдің халқы мен жерін төтенше жағдайлардан қорғау мақсаты біріктіреді. Осындай жаттығуға екінші рет қатысып тұрмыз. Мұндай жоспарлы жаттығулар арадағы әріптестік байланысымызды нығайтады. Бірлесе қимылдап, жедел кіріссек,  одан екі ел халқы да зардап шекпейді. Жаттығуға қатысуға шақырғаны үшін Атырау облыстық ТЖД-не, аудан әкімдігіне рахмет айтамын, — деді Астрахан облыстық төтенше жағдайлар Бас басқармасының жедел басқару тобының басшысы С.Соболев.

«Орман өрті-2014» жаттығуына ауданымыздың өрт сөндіру құрамалары мен азаматтық қорғаныс топтары үлкен дайындықпен келгені байқалып  тұрды. Атырау облысы бойынша 29 техника, 85 адам қатысып отырғанын білдік.

Ресейлік топ мүшесі, ішкі қызмет аға лейтенанты А.Меркуловтың айтуынша, іргелес елден  техника мен бірнеше адам келген екен. «Тұрмыстық қызмет» МКК басшысы Ж.Шамұратова Құрманғазы ауданынан 42 топ, 17 техника, 71 адам қатысқанын айтып өтті.

Бұл шара тәжірибе жүзінде орманды алқапта алапат өрт бола қалған жағдайда оны қалай сөндіру жолын көрсетті, екі ел төтенше жағдайы қызметкерлері өзара тәжірибелерімен бөлісті. Жаттығу барысында өрт қаупі  жазғы мезгілдегі  трансшекаралық төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ Атырау облысы мен РФ ТЖМ Астрахан облысы аумақтық бөлімшілерінің бірлескен өзара іс-әрекеті пысықталды.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
меншікті тілшіміз,
Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button