Жарнама
Жаңалықтар

Құжаттардың дайын болғаны SMS арқылы ескертіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Азамат Оспанов жаңа қызметтің сынақтан өткізу жұмыстарының басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

322_98498183b074303c467c9ac18eb69105

«Достар, мемелекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа қызмет — SMS-хабарландырудың тестілік режімде іске қосылғанын хабарлағым келіп отыр. Аталған қызметті біз «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-сымен бірге әзірледік. Енді, халыққа қызмет көрсету орталығына қайта-қайта барудың қажеті болмайды. Құжаттың дайын болатын уақыты жағынан жаңылыссаңыз, ұялы телефоныңызға түсетін SMS хабарлама оны есіңізге салатын болады. Ол құжаттар уақытын бұрын дайын болса да, хабарлама түсіп отырады. Осының арқасында біраз адамдардың өмірін жеңілдетуге болады деген ойдамын», — деп жазды Азамат Оспанов әлеуметтік желідеге парақшасында.

Оның айтуынша, ұялы телефон арқылы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын да бағалауға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button