Жасыл шырша жанында…
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жас бүлдіршіндерге мектепке дейінгі білім мен тәрбие беріп отырған кәсіпкерлер, яғни, білім саласының инвесторлары — «BilimInvest» Білім Беру Саласындағы Инвесторлардың Ұлттык Қауымдастығы» жекекәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шыршасы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған қауымдастықтың құрылғанына 2 жыл толыпты және осындай дәстүрлі қайырымдылық акциясы жыл сайын маусым айында “Балалар күні” мерекесінде, тамыз айында “Мектепке барар жол “ акциясында және Жаңа жыл мерекесінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Жалпы, «BilimInvest» ұйымы еліміздегі білім беру нарығындағы түрлі мүдделі тараптарды біріктіру, білім беру ұйымдарының даму стратегияларын қалыптастыру, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда қолдау көрсету мақсатында әртүрлі іс-шаралар мен форумдар ұйымдастырады. Қауымдастықтың жұмысында білім беру саласындағы мамандар мен инвесторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді талқылайды.
Әлеуметтік сала кәсіпкерлері қайырымдылық шарасына, қоғамдық іс- шараларда тарыдай болса да өз үлестерін қосуға белсене араласуда.
Бүгінгі шараға қаламыздағы облыс орталығындағы көпбалалы, әлеуметтік осал санаттағы 85 оқушы қамтылды.
«Мерекелік шарамызда балалардың қуанышын көру – біз үшін шынайы бақыт болмақ» дейді ұйымдастырушылар.
Түрлі жануарлар мен жаңа жылдың символы Аяз ата, Қарша қыз да бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар қызылды-жасылды шамдары жарқылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасып, айнала ән салды, әуен ырғағына тербеле биледі. Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндермен бірге түрлі ойындарды бірге ойнады. Көңілді кеш, үздік қойылым балалар көңілін серпілтті. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы бақытты болуға лайықты екенін дәлелдей түсті.
Думанды мереке қарсаңында ерекше қуанышқа кенелген балалардың “BILIMINVEST қауымдастығы және “KUANYSH GRAND HALL” мейрамхана ұжымы мен демеуші кәсіпкерлерге алғысы шексіз. Соларға қарап, бой түзеуді армандайды.
Айдарбек АҚАРЫС